“Қазақстан халқы тілдерінің күні” мерекесіне орай

Балабақшада “Қазақстан халқы тілдерінің күні” мерекесіне орай “Тіл-асыл қазына” атты Тілдер апталығы өтті. Тілдер апталығы “Абай-ұлы суреткер” атты сурет көрмесімен ашылды.

Тілдер мерекесі күніне ересек және мектеп алды топтарында тематикалық ұйымдастырған іс әрекеттер өтті. Музыка жетекшісі “Әнді сүйсең, менше сүй” атты іс шара өткізіп, балалар тақпақтар оқып, әндер айтты.

Дене шынықтыру нұсқаушысы ұлттық ойындар ойнатты.

Ата-аналармен балалар арасында “Мен қазақша жақсы сөйлеймін” атты сайыс өтті.

Тілдер апталығының жабылуы күні педагогтер арасында “Тәрбие басы-тіл” атты сайыс өтті. Тілдер апталығы өте қызықты, тартымды өтті, балаларға да, педагогтерге де қатты ұнады.