Астана қаласы әкімдігінің "Балаларға қосымша білім беру орталығы« КММ жоспарына сәйкес ұйымдастыруымен ЗАҢ МЕН ТӘРТІП БАЛА КӨЗІМЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР, АВТОРЛЫҚ ӘЗІРЛЕМЕЛЕР, ДИДАКТИКАЛЫҚ, ЖОБАЛАР ЖӘНЕ БЕЙНЕРЕСУРСТАР ҚАЛАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.
Іс-шараға қаламыздың балабақшаларының әдіскерлері мен тәрбиешілері, логопед, дефектолог, психологтар қатысып өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі заң мен тәртіп ұғымдарын тиімді әрі заманауи тәсілдер арқылы жеткізудің жолдарын ұсынды.
Фестиваль аясында авторлық бағдарламалар, дидактикалық құралдар, шығармашылық жобалар мен бейнересурстар таныстырылып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты. Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдарда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, балалардың жауапкершілік сезімін дамыту, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын меңгерту мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе, «бала көзімен» ұсынылған жұмыстар балалардың ой-танымы мен қоршаған ортаға деген көзқарасын айқын көрсетті.