«Инклюзия – балабақша мәдениеті: бәріне бақыт әкелетін тең мүмкіндіктер»

Астана қаласындағы №9 «Нұршашу» балабақшасында «Инклюзия – балабақша мәдениеті: бәріне бақыт әкелетін тең мүмкіндіктер» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті ортаны қалыптастыру және ерекше білімді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасау. Семинарға қаладағы балабақша басшылары, әдіскерлер мен арнайы мамандар қатысты Семинарда арнайы мамандар шебер сынып және ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті, ерекше білімді қажет ететін балалары бар ата- аналар өз тәжірибесімен бөлісті.