Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. “Толарсақтан саз кешкен” батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз.
Бұл - біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз. Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын! Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін!
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған “Көркемсөз шебері” қалалық мәнерлеп оқу байқауына қазақ тілі мұғалімі Динара Еркеновнаның жетекшілігімен “Шамшырақ” тобынан Абдіқали Айсұлтан қатысып, өзінің алғырлығы, дауыс дикциясының әдемілігімен қатар, шебер орындауының арқасында бірінші орынға ие болды! Талабыңа нұр жаусын! Құттықтаймыз!
