Тәртіп – қоғам талабы.
Заңды сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі.
Тәртіп – қоғам талабы.
Заңды сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі.
Бүгін Сыр елінің төрінде ел болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланған Ұлттық құрылтай өтті. Қоғамның өзекті бағыттары көтеріліп, соның ішінде білім беру саласына ерекше назар аударылды.
Білім – мемлекеттің тірегі. Ал сол білімнің алғашқы іргетасы балабақшада қаланатынын бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру, баланың дамуына бағытталған орта қалыптастыру – бүгінгі күннің ең маңызды міндеттерінің бірі.
Балабақша – баланың алғашқы ұстазы мен алғашқы қоғамы.
Осы ортада бала тәртіпті, қарым-қатынасты, еңбек пен мейірімді үйренеді.
Біз үшін ең бастысы – дені сау, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Ал ол мақсатқа жету үшін педагог – ата-ана – қоғам бір бағытта жұмыс істеуі керек.
Бүгінгі құрылтайда көтерілген ұсыныстар мен ойлар ертеңгі ұрпақтың мүмкіндігін кеңейтіп, білім сапасын жаңа деңгейге шығарады деп сенеміз.
"Ай - Сәуле" тобы
Өткен жылға алғыс айтып, жаңа жылды үмітпен қарсы алайық.
Алдымыздан тек жақсы жаңалықтар, жүрегімізден жылулық, өмірімізден береке арылмасын.
Әр күніміз бақытқа, әр арманымыз орындалуға бір табан жақын болсын!