Астана қаласы әкімдігінің №9 Нұршашу балабақшасына тәрбиешінің және педагог-ассистенттің, логопедтің ваканттық орнына конкурс өткізіледі. Конкурс бойынша керек құжаттар:

1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша дипломы;

2) жеке куәлік

3) Педагогтың білімін бағалаудан өту туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік

4) Конкурсқа қатысу туралы өтініш

5) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы

6) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

Мемлекет басшысы нашақорлықтың алдын алуды, әсіресе білім беру және ақпараттық салаларда күшейтуді, сондай-ақ жастар арасында есірткі мен алкогольді насихаттауға, оның ішінде интернет пен БАҚ-та жағымды етіп көрсетуіне қарсы тұруды тапсырды.

Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтардың алдын алуға жастар мен оқу орындарын тартып, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 40 Меморандум жасадық.

Білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде есірткіге қарсы кең ауқымды науқан жүргізілуде.

Мысалы, Абай облысында ЖОО-ның заң факультетінің студенттері (56 адам) нашақорлықтың және басқа да қылмыстардың алдын алу мақсатында Семей қаласының 7-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізуді көздейтінжобаны бастады.