Бүгін 11.04.2026 “Таза аула – таза қоғам” акциясы аясында сенбілікке шығып, айналамызды тазартуға өз үлесімізді қостық. Әрбір жиналған қоқыс – табиғатқа жасалған қамқорлық, әрбір игі іс – қоғамға қосылған үлес.

Тазалық – тек бір күндік жұмыс емес, ол – әрқайсымыздың күнделікті әдетіміз болуы керек. Бірге таза орта қалыптастырайық!

Жайна тобы

Біз таза Қазақстанда өмір сүргіміз келеді. Тазалық – денсаулықтың кепілі. Әр бала айналасын таза ұстауы керек. Қоқысты жерге тастамай, арнайы жәшікке саламыз. Табиғатты қорғау – біздің міндетіміз. Ағаштарды сындырмаймыз, гүлдерді жұлмаймыз. Су мен ауаны ластамаймыз.

Инклюзия – балабақша мәдениеті: бәріне бақыт әкелетін тең мүмкіндіктер тақырыбында қалалық семинар-практикум болды. Семинарда арнайы мамандар шебер сынып және ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті, ерекше білімді қажет ететін балалары бар ата- аналар өз тәжірибесімен бөлісті