Астана қаласындағы №9 «Нұршашу» балабақшасында «Инклюзия – балабақша мәдениеті: бәріне бақыт әкелетін тең мүмкіндіктер» тақырыбында мазмұнды әдістемелік іс-шара өтті. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мамандардың басын қосқан бұл кездесу инклюзивті білім берудің маңызын кеңінен талқылауға, тәжірибе алмасуға және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Семинарға Алматы және Сарайшық аудандары бойынша қамтылған 27 балабақшаның мамандары қатысты. Әдістемелік орталық пен «№7 ПМПК» мекемесінің өкілдері де арнайы келіп іс-тәжірибелерімен бөлісті.Ата-аналар тарапынан “Күншуақ” тобы тәрбиеленушісінің анасы Нұргүл Бахытнұрқызы ерекше баланың анасы ретінде тәрбие жұмыстары қалай жүргізілу керегі жөнінде ақыл-кеңесін көп талқысына ұсынды.

Балабақша — бүлдіршіндердің шат күлкісі мен қызықты сәттерге толы ерекше әлемі. Таңертең балалар бір-бірімен қуана амандасып, күндерін көтеріңкі көңіл-күймен бастайды. Күніміз танымдық ойындармен, шығармашылық жұмыстармен және сергіту сәттерімен жалғасады.

Әр бала жаңа нәрсе үйреніп, достарымен бірге ойнап, өз қабілетін дамытады. Түскі ас пен тынығу уақытынан кейін балалар ән айтып, би билеп, таза ауада серуендейді. Осындай әрбір күн олардың бақытты балалық шағының жарқын естелігіне айналады.