Көктемнің көркі, жаңарудың белгісі — Наурыз мейрамы құтты болсын!
22 наурыз әрбір үйге шаттық пен жылулық әкелсін. Жүректеріңізге тыныштық, өмірлеріңізге береке орнап, барша игі тілектеріңіз орындалсын. Жаңа жыл жаңа жетістіктер мен жарқын сәттерге толы болғай!
Ырыс пен ынтымақ артып, бақ - береке еселене берсін!
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Балабақшадағы Наурыз мерекесі - Балаларды дәстүр мен мәдениетпен таныстыратын жарқын және қуанышты оқиға.
22 наурыз – табиғат оянып, жаңа өмір басталатын уақыт. Бұл күн достық, келісім және үйлесім мерекесі.
Бүгін — ата - бабамыздан мирас болған ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ерекше күн. Ұлттық киім — халқымыздың тарихы, мәдениеті мен рухының айнасы. Әрбір ою-өрнек, әрбір нақыш терең мағына мен тағылымға толы.