Астана қаласы әкімдігінің "Балаларға қосымша білім беру орталығы« КММ жоспарына сәйкес ұйымдастыруымен ЗАҢ МЕН ТӘРТІП БАЛА КӨЗІМЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР, АВТОРЛЫҚ ӘЗІРЛЕМЕЛЕР,  ДИДАКТИКАЛЫҚ, ЖОБАЛАР ЖӘНЕ БЕЙНЕРЕСУРСТАР ҚАЛАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

Бала үшін ойыншық – жай ғана зат емес, ол оның кішкентай әлемінің бір бөлігі. Ал сол әлемде тәртіп болғаны қандай маңызды десеңізші!

Ойыншықтарды өз орнына қою – бұл тек тазалық емес, бұл баланың жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйренуінің алғашқы қадамы.

Тәртіп – үйдің көркі, ал әр ойыншықтың өз орны – сол тәртіптің кілті.

Біздің кішкентай батыр досымыз әкесімен бірге құстарға арнап ұя жасап шықты. Қолдарымен жасаған әр бөлшекте мейірім мен қамқорлық бар.

Табиғатқа жанашыр болу – осындай қарапайым қадамдардан басталады. Құстарға ұя жасап, оларға қауіпсіз мекен сыйлау – үлкен тәрбиенің бір бөлігі. Сіздер де балаларыңызбен бірге уақыт бөліп, табиғатқа жақсылық жасаңыздар

Кішкентай жақсылық – үлкен өзгерістің бастауы!